Футбол
7 маусым 2022 15:39

"Қазақтар да футбол ойнай алады". Словакиялық футболшы Қазақстаннан не үшін жеңілгені жайлы

©futbalsfz.sk

Словкия құрамасының жартылай қорғаушысы Юрай Куцка Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасынан не үшін жеңілгендерін түсіндіріп берді, деп жазады Sport.sk порталы. 

"Біз жеңіліске лайық болдық. Бірақ енді осы жеңілісті бастан шығарып тастау керек. Еңсемізді көтеріп, келесі ойынға дайындаламыз. Бұл футбол. Қазақтар да футбол ойнай алады. Ал біз кез келген қарсыласты жеңе алатындай әлем чемпионы емеспіз. Әлі біз жоғары деңгейде емеспіз. 

Алда нәтиже өзгереді деп сенемін. Алаңда біз гол соғатын сәттер ұйымдастырып жатырмыз. Алайда қарсыластар да осал емес. Кейде жанкүйер бізді тек қақпашыға қарсы ойнайды деп ойлайды. Әрине, олай емес. Олар алаңның әрбір бөлігінде талас жүргізеді. Енді алдағы ойында қателіктерді түзеп, дұрыс нәтижеге қол жеткізуіміз керек", - деді Куцка. 

Еске салайық, С тобындағы 3 себеттегі ойын Трнава қаласында өтіп, 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқтады. Осылайша, біздің құрама өз тобында бірінші орынға жайғасты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport