Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының матчында Фарер аралдарымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
C3 тобындағы кездесу Астанадағы "Астана Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда қонақтар есеп ашты. 22-минутта Петур Кнудсен бұрыштан гол соқты. Бұл кезде Темірлан Анарбековтің де қателігі болды. Ол алыстан келген допқа сенімсіздік танытып, допты өткізіп алды. 63-минутта Геза Тури қазақстандықтардың қақпасына әдемі гол соқты. Ол допты алыстағы бұрышқа айналдыра бағыттап, есепті 0:2-ге жеткізді.
68-минутта Мартин Агнарсон екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін Қазақстан құрамасы ойын барысын өзгерте алды. Алдымен команданың рекордшысы Сергей Малый есеп айырмасын қысқартты - 1:2. 76-минутта Нұралы Әліп қонақтардың айып алаңында әуедегі допқа бірінші жетіп, есепті теңестірді - 2:2.
Көп ұзамай Қазақстан құрамасы да алаңда бір ойыншыға кем қалды. 85-минутта Малый тікелей қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды.
Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы, төртінші орында тұр. Йон ван 'т Схип шәкірттерінің еншісінде екі ұпай бар. Фарер аралдары төрт ұпаймен екінші орында келеді.
Ұлттық құрама келесі матчын Молдоваға қарсы сырт алаңда өткізеді. Кездесу 13 қарашада өтеді.