"Қазақстанның көш бастауы...". Даниялық комментатор Еуро-2024 іріктеуі жайлы

©ҚФФ

Данияның DR 1 арнасының комментаторы Александр Джосевски Vesti.kz тілшісіне Еуро-2024 турнирінің іріктеуіне қатысты ойымен бөлісті. Сұхбат барысында даниялық маман Қазақстан құрамасының күшін ерекше атады.

"Өте қызық топ. Данияға екі команда бәсекелестік танытады. Олар Финляндия мен Словения. Сонымен қатар, Солтүстік Ирландия мен Қазақстан. Әсіресе Ұлттар лигасында сенсация жасаған Қазақстан ойынын ерекше атап өтуге болады. Оның үстіне Қазақстанға ұшып барған барлық команда уақыт айырмашығымен қатты қиналады. Қазақ футболшылары бұл топта көш бастауы екіталай. Бірақ барлық қарсыласына қиындық тудыруы мүмкін", - дейді Джосевски.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы өз тобында Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен бір топта кездеседі.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport