Футбол
5 сәуір 2019 09:36
 
Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы еуропалық клубқа ауысып, бірден голмен көзге түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның жастар құрамасының ойыншысы еуропалық клубқа ауысып, бірден голмен көзге түсті © "Жетісу" ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Демият Сламбеков Литваның Каунас қаласының "Стумбрас" футбол клубымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық футболшының жаңа командасы сол елдің жоғары дивизионында және өткен маусымда төртінші болған. 

Сламбеков Литваның бірінші лигасындағы "Стумбрасты" жастар командасы үшін бір ойынға қатысып үлгерді, өзге ойыншыны ауыстырып, алаңаға шығысымен гол салды.

22 жастағы футболшының ойнаған соңғы клубы талдықорғандық "Жетісу" болатын, алайда, қорғаушы негізінен жастар командасы үшін өнер көрсетіп жүрді. "Жетісуға" дейін көкшетаулық "Оқжетпес" пен астаналық "Бәйтерек" сапында ойнаған. Еуропа-2019 іріктеу кезеңінде Қазақстанның жастар құрамасына тұрақты шақыртылып отырды. 

Сламбеков бразилиялық "Оле Бразил" академиясының түлегі, жастайынан сонда жаттықты. Демияттың әкесі Қайрат Сламбеков - ұлттық құраманың бұрынғы футболшысы, "Қайрат" сапында ойнаған. Сонымен қатар, ҚПЛ-дің көптеген матчінде бас арбитр болған.

Жарнама

Живи спортом!