Қазақстанның жастар құрамасы (19 жасқа дейін) футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеуінде үшінші матчін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолы қазақстандық футболшылар Босния және Герцеговинаға есе жіберді - 4:5. Қазақстан шешуші голды ойынның соңғы минутында өткізіп алғанын айта кетейік.
Жеңімпаздар сапында Харун Човрк (3-минут), Славко Касало (11, 18), Милош Тодорич (33) және Матей Крезо (40) гол салды. Ал қазақстандық командадан Ақтілек Бауыржанұлы (2), Ержан Кәрменов (10), Лев Ким (22) ерекшеленді, сондай-ақ, Харун Човрк автогол салды (27).
Осылайша, бірде-бір ұпай жинамаған қазақстандық команда квартетте соңғы 4-орында. Мұның алдында жас футзалшыларымыз Польша (2:3) мен Финляндиядан (1:7) ұтылды.