Қазақстанның биылғы маусымдағы үздік жас ойыншысы анықталды

©Ақтөбе ФК

Футболдан 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2021 жылдан бастап ҚКФЛ мұрындық болуымен жылдың үздік ойыншысына Қазақстан футболының аңызы анатолий Ионкиннің жүлдесі табысталады.

ҚКФЛ баспасөз қызметі хабарлағандай дауыс беру қорытындысы бойынша үздік ойыншы номинациясын "Ақтөбе" мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов жеңіп алды. 20 жастағы футболшы биылғы маусымда 22 матчта 3 гол салып, 5 нәтижелі пас берген.

Үздіктер қатарында "Қайрат" ойыншысы Әділет Сәдібеков пен "Тараз" шабуылшысы Абылайхан Жұмабек бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар