"Ақтөбе" футбол клубының басшылығы жаңа бас бапкердің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл қызметке 53 жастағы беларуссиялық маманы Вячеслав Левчук тағайындалды. Ол бұған дейін де украиналық Игорь Леонов кеткеннен кейін уақытша бас бапкер міндетін атқарған болатын.
Айта кету керек, Левчуктың жетекшілігімен команда үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетіп, жалпы есепте 3:0 нәтижесін көрсетті.
Бұған дейін ол Беларусь, Украина және Қырғызстанда бапкерлік тәжірибе жинаған. Сонымен қатар, жаңа тағайындалған бапкер Қазақстанның бес дүркін чемпионы болған клубта скаут ретінде де еңбек еткен. Ол Молдованың "Шериф" клубында да осындай қызмет атқарған.
Бүгін, 14 мамырда Левчук бас бапкер ретінде алғашқы ресми матчына шығады. Бұл ойын ел Кубогының ширек финалында қызылордалық "Қайсарға" қарсы өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады.
Жарнама