Қазақстанның бас бапкері Словакиямен матчке қатыса алмайтын футболшыларды атады
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ертең Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын футболшылар туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ертең Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакияға қарсы кездесуге қатыса алмайтын футболшылар туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Өкінішке қарай, ертең Исламбек Қуат командамызға көмектесе алмайды. Ол Беларусь құрамасына қарсы кездесуде екінші сары қағазын алды. Сондықтан ертеңгі кездесуде Қуаттың орнына Асхат Тағыберген шығуы мүмкін. Бүгін ол командамен жаттығады. Содан соң мен нақты шешім қабылдаймын", - деді Адиев.
Айта кетейік, "С" тобындағы Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу ертең, 13 маусым күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жарнама