Футбол
4 тамыз 2022 18:13
 

Қазақстанның бас бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстайды дегенге қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның бас бапкері ресейлік клубтың тізгінін ұстайды дегенге қатысты пікір білдірді ©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге байланысты ҚФФ баспасөз қызметіне пікір қалдырды.

blog.share

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге байланысты ҚФФ баспасөз қызметіне пікір қалдырды.

"Бүгінде Қазақстан құрамасының жұмысына ғана зейін аударамын. Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартым бар. Алда маңызды екі ойын күтіп тұр. Сол себепті келісім аяқталмай қызметімнен кетпеймін. Ешқандай күмән келтірудің қажеті жоқ.

Жақында ғана Қазақстан Кубогының "Ақтөбе" – "Тараз" ойынына бардым. Талдау жұмыстары жүргізілді. Біздің бапкерлік штаб Беларусь және Әзербайжан ойындарына толық дайындық жүргізіп жатыр. 

Кейбір БАҚ-та тараған ақпараттарға тоқтала кетсек, әр бапкердің өмірінде ондай әңгімелер болып тұрады. Мен қазіргі таңда Қазақстандамын. Күзде өтетін Ұлттар Лигасының ойындарына бірқатар үміткерлерді қарап жатырмын. 

Бүгін "Қызыл-Жар" және "Тобыл" командаларының қатысуымен еурокубок ойындарын қараймын. Екі команданың Конференция лигасының келесі кезеңіне шығуын тілеймін", - деді бас бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!