auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері мезгілсіз қаза болды

Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері мезгілсіз қаза болды
Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері Нүркенова Разия Төлеуқызы 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз қаза болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында хабарлады. 

"Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал.

Рәзия Төлеуқызы қарағандылық "Олимп" әйелдер футбол клубында спорт мансабын бастап, 1987-1991 жылдардың аралығында ойнады.

Жоғары беделі, мінсіз шеберлігі, ақкөңілділігі және сыпайылығы жоғары Рәзия Нүркенова тұрақты түрде команданың капитаны болып сайланып отырды.

1992 жылы Рәзия Нүркенова Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубынан шақырту алады. 2001 жылға дейін шабуылдаушы жартылай қорғаушы болып ойнады.

Разия Төлеуқызы Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Ойнау мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысты.

Футболдан ҚР және РФ спорт шебері.

Ресейдің үш дүркін чемпионы: 1993, 1994, 1996

Ресей кубогының иегері: 1994

Достастық кубогының иегері: 1996

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Рәзия Төлеуқызы Нүркенованың өмірден мезгілсіз өтуіне байланысты қатты қайғырып, марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама