Қазақстаннан ұтылған Словакия бас бапкерді қызметінен босатты

©Reuters

Словакия футбол одағының атқарушы комитеті ұлттық құраманың бас бапкері Штефан Тарковичті қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Маманның қызметінен кетуіне басты себептердің бірі – 2021 жылдың күзінен бастап іріктеу матчтарында Ресей және Хорватия командаларымен өткен сәтсіз ойындар әсер еткен. Ал өз алаңында Қазақстан құрамасына ұтылған соң футбол басшыларының шыдамы таусылып, словакиялық жаттықтырушыны жұмысынан орта жолда босатуына тура келді. 

Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының С дивизионында бір топта ойнайды. Трнавадағы алғашқы матч 0:1 есебімен Магомед Адиев баптайтын "қаршығалардың" пайдасына аяқталды.

Әзірге үшінші топта қазақ құрамасы 6 ұпаймен көш бастап тұрса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасқан. Сонымен қатар, 0:0 есебімен тең тарқасқан Беларусь пен Әзірбайжан ойыншылары үшінші және төртінші орында тұр.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport