Қазақстаннан жаман ойнады. Әлем чемпионатына іріктеуде Англия қарсыласына жауапсыз 10 гол салды

©AP\TASS

Футболдан Англия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Сан-Марино командасына он жауапсыз гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңімпаздар сапында Гарри Кейн покер жасады, ал Гарри Магуайр, Эмиль Смит, Тайрон Мингз, Тэмми Абрахам және Букайо Сака бір голдан салды. Сонымен қоса, алаң иелерінің қорғаушысы Филиппо Фаббри автогол кіргізіп алды.

Англия 26 ұпаймен I тобында бірінші орынға шықты, осылайша, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өтті.

Еске салайық, D тобында Франция құрамасы Парижде Қазақстанды 8:0 есебімен ұтқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар