auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстанмен тең ойыннан кейін Боснияның бас бапкері жылап жіберуге шақ қалды

Қазақстанмен тең ойыннан кейін Боснияның бас бапкері жылап жіберуге шақ қалды
Ивайло Петев. Сурет: Reuters©

Босния және Герцеговина құрамасының бұрынғы футболшысы Марко Топич әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында отандастарының Қазақстан құрамасына қарсы кездесуі туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Reprezentacija порталы. Ол команданың бас бапкері Ивайло Петев ойыннан кейін жылап жіберуге шақ қалғанын айтты. 

- Өте өкінішті. Нәтиже көңілден шықпайды. Бапкер футболшыларды жақсы дайындаған. Өздеріңіз де көрдіңіздер, бірінші таймда біздің кем дегенде екі не үш гол соғатын мүмкіндігіміз болды. Бірақ доп қақпаға кірмей қойды. Мұндай мүмкіндік болған кезде әдетте Джеко да соғатын еді. Өкінішті. Бірақ ештеңеге шағым айта алмаймыз. 

- Команданың бас бапкері Ивайло Петев өте эмоционалды болды. Кейбір мамандар оның жұмысын мақтағанымен сын айтатындар да бар. Бұл туралы не айтасыз?

- Балкан түбегі елдерінде бапкерлер мен мамандар өте көп. Петев құраманың бас бапкері болып тағайындалған кезде негатив өте көп болды. Бірақ ол тыныш қана өзінің жұмысын істеді. Бүгін біз ұлттық құрама сапында көптеген жас ойыншыларды көрдік. Бұл маманға өз жұмысымен айналысуға мүмкіндік беру керек. Ол жақсы бапкер. Командамен жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп сенемін. Ивайло ойын кезінде өте эмоционалды. Баспасөз мәслихаты кезінде ол жылап жіберейін деп қалды. Петев бұған дейінгі бапкерлерден еш кем емес. 

– Босния және Герцеговина құрамасы іріктеуде біраз ойын өткізіп тастады. Енді команданың топтан шығу мүмкіндігі қандай?

- Өмірде ылғи жақсы нәрсеге үміттенесің ғой. Жақсы жұмысқа, жақсы жалақыға деген секілді. Біз де топтан шығамыз деп үміттенемін. Турнир кестесіне қараңыздар. Украина құрамасы бес ойыннан кейін бес ұпай жинайды деп кім ойлады? Ал бұл команда екінші орынның басты фовариті еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама