2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында Босния және Герцеговинаның көшбасшысы ойыншылары жарақат алып қалды, деп хабарлайды sport1.oslobodjenje.
Боснияның белді ойыншысы Миралем Пьянич "Бешикташ" командасы сапында жарақат алды. Енді ол қатарға шамамен үш аптадан кейін қайта оралады. Алдағы кездесуде Ивайло Петев "Миланның" жартылай қорғаушысы Раде Круничке сенім арта алмайды.
Сонымен қатар, Марио Вранчич "Сток Сити" командасының ойынында жарақат алды. Ол тіпті Ұлттық құрама қатарына келмеуі де мүмкін.
Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.