Қазақстанмен ойын алдында Украина құрамасының екі қақпашысы жарақат алып қалды

Сурет: УФФ

2022 жылғы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Украинаның екі бірдей негізгі қақпашылары жарақат алып қалды, деп хабарлайды Украина футбол федерациясы. 

"Украина құрамасына шақырту алған екі қақпашысы жарақат алып қалды. Олар - киевтің "Динома" қақпашысы Георгий Бущан мен "Шахтердің" қақпашысы Анатолий Трубин. Осыған байланысты құрамаға 37 жастағы "Шахтердің" бағана күзетшісі Андрей Пятов пен "Ворксланың" 22 жастағы қақпашысы Дмитрий Резник шақырту алды", - деп жазды УФФ. 

37 жастағы Пятов (ұлттық құрамада 97 ойын) Еуро-2020 додасынан кейін құрамадағы карьерасын аяқтаған еді. Бірақ қазір қайта келуге келісім берген. 

22 жастағы Резник болса Украина құрамасында ойнамаған. 

Еске салайық, Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы кездесу 1 қыркүйек күні "Астана-Аренада" өтеді. Ойын 20:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар