Қазақстанмен өтетін ойын алдында тәжік құрамасында өзгерістер орын алды

©ТФФ

Тәжікстан құрамасы 16 қараша күні "Астана Аренада" Қазақстан ойыншыларымен жолдастық матч өткізеді. Осыған орай тәжіктер Душанбеде оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Алайда қазірдің өзінде памирліктер сапында өзгерістер орын алып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Персеполис" клубының намысын қорғайтын Вахдат Ханонов пен Манучехра Сафаровтар Ираннан келе алмаған. Олардың орнына Наимджон Ибрагимзада ("Худжанд") және Хусейн Нурматов ("Истаравшан") шақырту алды.

Құраманың уақытша бас бапкерінің міндетін атқарушы Мубин Эргашев командаға 21 ойыншыны шақыртып отыр. Олардың арасында Өзбекстан, Эстония, Болгария, Қазақстан, Индонезия, Беларусь және Малайзия чемпионаттарының футболшылары бар.

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиындарын қараша айының 7 жұлдызы ел ордасында бастаған еді. Тәжікстанмен өтетін матч алдында Талғат Маруаұлы жігіттері ӘЧ-2022 турнирінің іріктеуінде қонақта Франциямен кездеседі. Ол ойын қараша айының 14 қараған түні 01:45 басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: