Футбол
4 қазан 2021 23:29

Қазақстанмен өтетін ойын алдында Финляндияның екі футболшысы жарақат алды

©hs.fi

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасымен өтетін ойын алдында Финляндияның бірнеше ойыншысы жарақат алды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Алдағы Қазақстан құрамасымен өтетін кездесуге қорғаушы Каан Кайринен мен шабуылшы Маркус Форсс қатыса алмайды. Екі ойыншы да клуб сапында жарақат алған. 

Финляндия құрамасының бас бапкері Маркку Канверва бұл футболшылардың орнын басатын ойыншыларды тапты. Кайриненмен Форсстың орнына Томас Лам (ЦСКА, Болгария) және Роопе Риски (ХИК, Финляндия) шақырту алды. 

Еске салайық, Қазақстан мен Финляндия құрамалары 12 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында кездеседі. Ойын 20:00-де басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport