Қазақстанмен матчтке Финляндияның екі белді ойыншысы қатыса алмайды

©Fotbollskanalen

Финляндия құрамасының екі ойыншысы Еуро-2024 іріктеуіндегі Қазақстанға қарсы матчке қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финляндиялықтардың бас бапкері Маркку Канерваның сөзінше, алдағы ойынға Астанадағы кездесуде жеңіс голын салған Оливер Антман қатыса алмайды. Сонымен қоса, финндардың жартылай қорғаушысы Расмус Шюллердің Словениямен өткен матчте (0:3) миы шайқалыпты.

Матч бүгін, 17 қазан Астана уақытымен 22:00-де басталады. 

Жеті тур қорытындысы бойынша екі команда да 12 ұпай жинап отыр. Турнир кестесінде Финляндия үшінші келеді, ал қосымша көрсеткіштен қалып отырған Қазақстан құрамасы бір саты төмен. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport