Қазақстанмен кездесу алдында Молдова құрамасы қақпашысын ауыстырды

©Moldfootball

"Шериф" командасының қақпашысы Дмитрий Челядник Қазақстан құрамасымен өтетін кездесу үшін Молдова құрамасына шақырту алды, деп жазады moldfootball порталы. 

Челядник жарақат алып қалған "Петрокуб" қақпашысы Николай Чеботарьдің орнын басады. 

29 жастағы қақпашы құрамасымен бірге кеше бірінші жаттығуын да өткізді. 

Айта кетейік, Ұлттар лигасындағы Молдова мен Қазақстан арасында бірінші кездесу бүгін Кишинев қаласында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport