"Қазақстанға келгісі келмеген". "Барселона" түлегінің "Қайратқа" қалай ауысқаны айтылды
26 жастағы "Партизан" клубының камерундық қорғаушысы Маки Багнактың алматылық "Қайрат" сапына ауысуы туралы толығырақ белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz сербиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Футболшы Словениядағы оқу-жаттығу жиынан кетіп жатыр.
Бастапқыда Багнак Қазақстанға келгісі келмеген. Ол өзінің бұрынғы клубы солвениялық "Олимпиядан" жақсырақ ұсыныс күткен. Алайда словениялық командада қазір қаржылық қиындықтар пайда болған. "Қайрат" мықтырақ ұсыныс жасап, қорғаушыны ырқына көндірген.
Естеріңізге сала кетейік, Багнак "Барселона" тәрбиеленушісі, ол жарты миллион еуро төлеуге дайын болған алматылық клуб сапына ауысуға келісім бергені айтылған еді. Камерундық футболшының "Партизанмен" келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды болатын.
Жарнама