Футбол
9 қыркүйек 2021 15:21

Қазақстанға қарсы екінші кездесуде Боснияның белді футболшыларының бірі ойнамайтын болды

©ҚФФ

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы екінші ойында Босния және Герцоговина құрамасының белді футболшыларының бірі ойнамайтын болды, деп хабарлайды Sport Centar. 

Босния мен Қазақстан арасында Зеница қаласында өткен бірінші ойында алаң қожайындарының 23 жастағы қорғаушысы Деннис Хаджикадунич сары қағаз алды. Бұл футболшының іріктеу кезеңіндегі екінші сары қағазы. 

Осылайша Хаджикадунич 9 қазан күні Қазақстан құрамасымен өтетін екінші ойынға қатыса алмайды. 

Еске салайық, бірінші ойында Босния және Герцоговина мен Қазақстан құрамалары 2:2 есебімен тең ойнады. Біздің құраманың сапында Исламбек Қуат пен Бахтиер Зайнутдинов бір-бір голдан соқты. 

Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы D тобында бес ойыннан кейін үш ұпай жинап, соңғы орында. Босния құрамасының еншісінде де үш ұпай. Бірақ бұл құрама қосымша көрсеткіштер бойынша бізден жоғары тұр. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport