Қазақстанға Италия чемпионатын қабылдауға бәсекелес табылды

Сурет: Getty Images
Италияның футболдан А сериясы маусымның қалған матчтерін бір жарым айда басқа елде ойнап бітіру жолдары қарастырылуда, - деп хабарлайды NetHaber.com порталы Sabah басылымына сілтеме жасап. Коронавирус індетіне байланысты елде спорттық шаралар тоқтатылған. 

Демеушілердің қысымынан лига чемпионатты мүлде тоқтатып тастай алмай отыр. Сондықтан қарастырылып отырған амалдың бірі басқа елдегі қала немесе аймақты таңдап, футболшылардың бәрін сонда жеткізу. Әр команда бөлек қонақүйге орналасып, әр ойыншы жеке бөлме ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Қарастырылып отырған басты орын Түркияның Анталия мекені. Аймақ 628 мың бөлме, ФИФА талаптарына сай үш үлкен стадион мен 200 алаң ұсына алады. 

Мұның алдында Италияның А сериясы маусымды 72 мың жатар орын ұсына алатын Қазақстанда аяқтауы мүмкін екені айтылған. Сондай-ақ Испания, Түркия мен Франция чемпионаттарын да Қазақстанда өткізу ұсынысы жасалған. 

Футболдан Испания, Италия және Франция чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін - БАҚ