Футболдан Литва құрамасының жартылай қорғаушысы Миндаугас Григаравичюс "Қайсардың" базасында жаттығып жүр. Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Футболшы отанында "Ритеряй", "Йонава", "Стумбрас", "Утянис", "Судува", "Клайпеда", сондай-ақ латвиялық "Елгава" мен "Метта" командаларында ойнаған.
Ол Литваның жастар және жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен, ал 2016 жылдан ұлттық құрамасына шақыртылып жүр.
Футболшыны қазақстандық клуб әзірге бақылап, ойынын бағамдап көруде.