Қазақстандық "Тобыл", "Шахтер" және "Астана" клубтарының Конференция лигасы үшінші іріктеу раундындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тобыл" словакиялық "Жилинамен" ойнайтын болды (5 және 12 тамыз), "Шахтер" - украиналық "Колоспен" (6 және 10 тамыз), "Астана" - финляндиялық КуПС командасымен (5 и 12 тамыз).
"Тобыл" бірінші ойынды өз алаңында өткізеді, ал "Шахтер" мен "Астана" алдағы раундты сырт алаңда бастайды.
Еске салайық, Конференция лигасының екінші раундында "Тобыл" хорватиялық "Хайдукты", "Шахтер" - румыниялық "Стяуаны", "Астана" - грекиялық "Аристі" ұтты.