Қазақстандықты сапына қосқан еуропалық клуб футболшылармен келісімді ұзарта бастады

Сурет: "Висла" ФК
Польшалық "Висла" клубы кей футболшылармен келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер бастады. Бұл командада биылғы маусымнан бастап Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков өнер көрсетіп жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, осы жазда келісімшарт уақыты бітетін 14 ойыншы бар, ал Жуковтікі жыл соңына дейін. 2019/20 маусымы шілде ортасында аяқталатынын есепке алсақ (былтыр осы айда басталған, мамырда аяқталу керек еді), польшалық БАҚ пайымынша, көптеген футболшының келісімшартын қайта жасау қажет. Соның ішінде "Қайраттың" бұрынғы ойыншысының да келісімі бар. 

Жуков қарашада қосылған "Висла" үшін алты матчте жақсы ойын көрсеткен. Футболшының өзі де командада қалғысы келеді. БАҚ мәліметінше, осыған байланысты қазақстандыққа келесі жылға дейінгі келісім ұсынылуы мүмкін. 
Жаңалықтар