Футбол
2 қыркүйек 2019 16:01

Қазақстандық Зайнутдиновтың командалас қорғаушысының сейвтері әлемдік БАҚ-ты тамсантты

"Ростов" қорғаушысы Евгений Черновтың Ресей чемпионатындағы "Локомотивке" қарсы ойындағы әрекеті шетелдік бақты тамсандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Eurosport сайтына сілтеме жасап.


Матчтің 92-ші минутында қорғаушы бос қалған қақпаны екі рет қорғап қалды. Instagram желісіндегі 433 парақшасында бұл видео 4,2 миллионнан аса қаралған. 



Өз жазбасында Transfermarkt ойыншы туралы мәліметтерді қалдырыпты: "Дедлайн алдында оны өзіне алғысы келетін менеджерлерге: Евгений Чернов, 26 жас, сол қанаттағы қорғаушы, келісімшарты 2022 жылға дейін, нарықтағы құны: 2 миллион еуро".

Белгілі AS басылымы: "Соңғы он жылдықтағы қорғанудың ең үздік сәттерін тамашаладық: 90-шы минут, ол бұл кереметті жасай алды".

TurkSports TV арнасы да мақтауын аямады: "Бұл футбол тарихындағы қорғаушының ең үздік амалы".

SportBible: "Осы аптада қорғаушы Ван Дейк маусым сыйын алғанда, Чернов бұл өнердің әлі бар екенін көрсетті".

The18: "Ол екінші рет қалай қорғай алғанын әлі түсіне алар емеспіз".

Nieuws Blad: "Калиду Кулибали көрдің бе?" ("Наполи" қорғаушысының автоголы "Ювентуске" жеңіс әкелді, оған дейін "Наполи" 0:3 есебімен ұтылып жатып, қарсыласын қуып жете алған еді - 3:3, ал Кулибали допты өз қақпасына қосымша уақытта кіргізіп алды).

Еске салайық, құрамында қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Ростов" осы жеңіс арқасында Ресей чемпионатында көш бастады. Алайда сәл кейін Валерий Карпин жаттықтыратын команданы "Краснодар" мен петерборлық "Зенит" қуып жетті.