Қазақстандық төрешілер УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчында жұмыс істейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Төрешілер Еуропа лигасы іріктеуінің бірінші раундындағы "Сабах" (Әзербайжан) – "Целе" (Словения) кездесуіне тағайындалды.
Бас төреші ретінде Данияр Сахи қызмет атқарады. Оған көмекші төреші ретінде Сергей Калачев пен Самат Тергеуссізов көмектеседі. Төртінші төреші — Сәкен Байымбет.
Ал бейнетөреші (VAR) қызметін Франциядан келген Бастьян Дешепи атқарады.
Ойын 10 шілде күні Бакудегі "Банк Республика Аренада" өтеді. Кездесудің басталуы — Астана уақытымен 21:00-де.
Жарнама