Қазақстандық шабуылшы ресейлік командамен келісімге келе алмады

Сурет: KazFootball.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин "Уфа" клубымен келісімге келе алмады. 

"Тень отца Гурмана" телеграм-арнасының мәліметінше, уфалықтар 30 жастағы шабуылшыға көз салған, дегенмен, тараптар келісе алмапты. 

"Алексей Щеткин "Уфада" ойнамайды, қазақстандық футболшы Башқұртсан астанасының клубымен ешқандай келісімге қол қоймады. Бұл туралы футболшының айналасында жүрген мәлімет көзі айтты", - делінген хабарламада. 

Бұл ақпаратты "Уфаның" бас бапкері Алексей Стукалов растады. "Бұл қауесет. Щеткин бізде ойнамайтынын нақты білемін", - деп береді маманның сөзін "Матч ТВ".

Щеткин өткен маусымды "Ротор" сапында өткізген. 

Мұның алдында қазақстандық футболшыға "Сочи" қызығушылық танытқаны хабарланған. Клуб Конференция лигасына жолдама жеңіп алған болатын.