Футбол
3 қаңтар 2022 16:54

Қазақстандық шабуылшы еуропалық командаға ауысатын болды

©"Атырау" ФК

"Атырау" командасының шабуылшысы Алексей Родионов карьерасын армениялық "Алашкерт" сапында жалғастырады. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

"Атырау" мен бразилиялық "Оле Бразил" академиясының тәлімгері карьерасында "Астана" намысын да қорғаған. Ол елордалық командаға 2015 жылы ауысып, бір ғана кездесу өткізген. 

"Алашкерт" командасына Родионовты "Арытаудың" бұрынғы бас бапкері Арам Восканян шақырып отыр. Қазіргі уақытты бұл маман армениялық клубтың тізгінін ұстап жүр. 

Еске салайық, бұған дейін "Атырау" сапынан сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович пен армениялық жартылай қорғаушы Артак Дашян кеткен еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport