Футбол
Бүгін 09:43

Қазақстандық шабулышы Испания чемпионаты матчінде дубль жасады

© "Бергантиньос" ФК

Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов Испания корольдік футбол федерациясының Екінші дивизионындағы 1-тобында өткен алтыншы тур матчында дубль жасады. Ол ойнайтын "Бергантиньос" командасы "Аросамен" 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Анкудинов матч соңында дубль жасады

Кездесудің бірінші таймы голсыз аяқталды. Ал 60-минутта Хорхе Масейра Гонсалес алаң иелерін алға шығарды.

Матчтың шешуші сәттері соңғы минуттарға тұспа-тұс келді. 82-минутта Анкудинов есепті теңестірсе, 94-минутта тағы бір гол соғып, дубль жасады. Осылайша, қазақстандық шабуылшы "Бергантиньосты" алға шығарды - 2:1.

Алайда қонақтар жеңісті есепті сақтап қала алмады. 96-минутта Уго Торрес гол соғып, "Аросаны" жеңілістен құтқарды. Нәтижесінде командалар бір-бір ұпайдан еншіледі.

"Бергантиньос" көшбасшылығын сақтап қалды

Алты турдан кейін "Бергантиньос" 14 ұпай жинап, 1-топтың турнир кестесінде көш бастап тұр. Команда осы маусымда әлі бірде-бір рет ұтылған жоқ.

Испания футболының төртінші деңгейіндегі дивизионға қайта оралғаннан кейін сол жерде орнығуға тырысып жүрген "Ароса" төрт ұпаймен турнир кестесінің соңынан бір орын жоғары тұр.

23 жастағы Анкудинов "Бергантиньосқа" осы маусымда қосылды. Бұған дейін қазақстандық футболшы Испанияның "Сеута", "Менсахеро" клубтарында, сондай-ақ Молдованың "Шериф", Литваның "Джюгас", Беларусьтің "Днепр" және Арменияның "Ван" командаларында өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport