Еуропа Лигасының 1/16 финалында Молдованың "Шерифі" өз алаңында "Браганы" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жеңімпаздар сапында Себастьен Тиль (43-минут) және Адама Траоре (82) гол соқты. Осылайша, өз тарихында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткен жылы бірінші рет шығып, "Реал" мен "Шахтер" сынды клубтарды ұтып әлем жанкүйерлерін таң қалдырған болатын. Бұл жолы Еуропа Лигасында Португалия Кубогінің үш дүркін чемпионын тізе бүктірді.
Еске салайық, жуырда молдовалықтардың құрамын қазақстандық 18 жастағы Данил Анкудинов толықтырған еді. Анкудиновтың ойнаған соңғы клубы Ресейдің "Родинасы" болды. Қарағандыда дүниеге келген форвард бала күнінде отбасымен бірге Испанияға көшіп кеткен. Ол Испанияда Барселонаның "Марсет" және Сарагоса қаласының "Касабланка" клубтарының намысын қорғаған.