Қазақстандық ойыншы еуропалық клуб сапында гол салды

©marcetfootball

Данил Анкудинов "Шериф" сапында гол салды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Молдова Кубогінің 1/8 финалында "Сперанца" клубына қарсы матчта Анкудинов негізгі құрамда алаңға шығып, 9-минутта ерекшеленді. Ал ойын 0:6 есебімен "Шерифтің" пайдасына аяқталды.

Еске салайық, 19 жастағы қазақстандық футболшы тираспольдік клубқа 2022 жылдың ақпан айында ауысқан еді. Анкудинов "Шерифпен" бірге Молдова чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport