Футбол
9 ақпан 2022 23:41

"Қазақстандық Моуриньо" түркістандық "Тұран" клубында қызмет етеді

©"Тұран" ФК

"Тұран" футбол клубы басшылығының шешімімен интернетте "қазақстандық Моуриньо" деген атпен танымал болған Ивадулла Мелдеханов мүмкіндігі шектеулі көрермендермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Ивадулла - Түркістан тұрғыны. Бала кезден Кентауда футболмен шұғылданған. Былтыр "Тұранның" "Түркістан Аренадағы" бірде-бір матчын жібермеді. 

7 жыл бұрын футбол жанкүйері Ивадулла Мелдеханов матч кезінде ерекше қолдауымен ел назарын өзін аударды. YouTube-та оның видеосы 600 мың қаралым жинап үлгерген. Стадионда "қазақстандық Моуриньо" өзін бас бапкер ретінде көріп, командалар мен ойыншыларға ақыл-кеңесін айтып, атмосфераны "қыздыра" түсетін.

"Тұран" футбол клубы Ивадуллаға жаңа қызметінде табыс тілеп, команданың дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport