Қазақстандық маман жаттықтыратын еуропалық клуб ЧЛ-де жарыс жолын бастады

© "Жальгирис" ФК

Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық "Жальгирис" Чемпиондар лигасында бірінші матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Литвалықтар бұл матчте косоволық "Балканимен" тең түсті - 1:1. Қарымта ойын Литвада 12 шілде өтеді. Айта кетейік, "Жальгирис" сапында Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Қашкен де өнер көрсетеді. Алайда ол кейінгі ойынға қатыспады. 

"Жальгирис" Чебурин жетікшілігімен 18-турда 41 ұпаймен Литва біріншілігінде көш бастап келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport