Қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық "Жальгирис" Чемпиондар лигасында бірінші матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Литвалықтар бұл матчте косоволық "Балканимен" тең түсті - 1:1. Қарымта ойын Литвада 12 шілде өтеді. Айта кетейік, "Жальгирис" сапында Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дінмұхамед Қашкен де өнер көрсетеді. Алайда ол кейінгі ойынға қатыспады.
"Жальгирис" Чебурин жетікшілігімен 18-турда 41 ұпаймен Литва біріншілігінде көш бастап келеді.