Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым петропавлдық "Қызыл-Жар" командасынан кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, қорғаушыға "Ақтөбе" командасы ұсыныс жасаған. Transfermarkt порталы 23 жастағы футболшыны 500 мың еуроға бағалап отыр.
Ал Қасымның өзі шет елдік командадан ұсыныс алған. Бірақ нақты қай команда екені белгісіз. Қазіргі уақытта ол еуропалық командаға кетуді ойластырып жатыр екен.
Егер Әлібек шет елдік командаға ауыса алмаса, "Ақтөбе" сапына қосылуы әбден мүмкін.