Қазақстандық команданың көшбасшысы ұлттық құрамасына шақырту алды

©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобылдың" шабуылшысы Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырту алды, жеп жазады клубтың баспасөз қызметі. 

Өзбекстан құрамасы 21 және 29 наурыз аралығында Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Айта кетейік, Өзбекстан 2022 жылы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған. 

Ал Сергеев болса Қазақстан чемпионатында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол алдымен "Ақтөбе" сапына, кейін "Тобылға" ауысты. Қостанайлық командамен бірге шабуылшы Қазақстан чемпионаты мен Суперкубогін жеңіп алды. Жалпы ол Қазақстан жерінде 41 кездесуге қатысып, 17 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport