Қазақстандық команданың футболшылары бірінші турға байкот жариялауы мүмкін

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" командасының футболшылары бес ай бойы жалақы ала алмай келеді, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Ақпарат көзінің жазуынша, жыл соңында футболшылар команда басшыларынан жалақыға байланысты сенімхат алған. Бірақ бұл сенімхаттың уақыты 20 ақпанда өтіп кеткен. 

Енді бейресми ақпарат бойынша, команданың бірнеше футболшысы Қазақстан чемпионатының бірінші кездесуіне байкот жариялауға ниетті. 

Еске салайық, өткен маусымда Магомед Адиевтің жаттықтыруымен "Шахтер" командасы ел біріншілігінде жетінші орын алды Сонымен қатар, қарағандылық команда Конференция лигасының плей-офф және Қазақстан кубогінің финалына шықты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар