Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Вардан Минасян "Тараз" басшылығына клубтан кететіні туралы хабарлады.
Оған маманның "Ордабасымен" ойын алдында клуб директорымен және облыс әкімдігінің өкілімен сұхбаттасуы себеп болды. Ойыншылар 80 күннен астам уақыт бойы жалақы алмағанына наразылықтарын білдірді және бәрінен бұрын оларды клуб директоры Талғат Тұрлыбайұлының ақшаның қашан төленетінін нақты айтпағаны алаңдатады. Ал облыс әкімі орынбасарларының бірі 2 айдан кейін ақша болатын шығар деп отыр.
Бұл жағдай жаттықтырушының клубтан кету туралы шешім қабылдауына әкеліп соқты, себебі ол "Тараз" өз міндеттемелерін орындамаған кезде ойыншылардан жаттығуларда барынша беріліп жұмыс істеуін талап ете алмайды. Минасян өз шешімі туралы клуб басшылығын хабардар етті.