Қазақстандық командалардың футзалдан Чемпиондар лигасындағы ойындарына тікелей трансляция

©instagram.com/afckairat

Бүгін, 27 қазанда алматылық "Қайрат" пен "Атырау" футзалдан Чемпиондар лигасы аясында бірінші матчтерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кака жаттықтыратын команда чехиялық "Пльзень" командасымен ойнайды. Басталуы 21:00, бұл матчті Qazaqstan арнасынан тамашалай аласыз. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Ал "мұнайшылар" словениялық "Добовец" клубымен кездеседі. Бұл ойын 23:55-те басталады және Qazsport арнасынан көрсетіледі. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, "Қайрат" турнирде рекордты, 18-ші рет ойнайды, ал "Атырау" керісінше, бірінші рет қатысады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: