Футбол
17 наурыз 2022 11:13

Қазақстандық командаға бойы екі метр ойыншы қосылды

©"Рух" ФК

"Ордабасы" белоруссиялық шабуылшы Всеволод Садовскийді сапына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

25 жастағы шабуылшы екі маусым бресттік "Рухта" өткізіп, 33 ойында 13 гол салған.

Сонымен бірге, Садовский "Минск", "Энергетик-БГУ" және бресттік "Динамо" командаларында өнер көрсеткен.

Жаңа маусымды бойы 194 сантиметр футболшы Қазақстан чемпионатында өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport