Қазақстандық командадан кеткен легионер болашағына қатысты шешімге келді

©"Будучность" ФК

Черногориялық футболшы Бранислав Янкович карьерасын өз отанындағы "Будучность" командасында жалғастырады. Бұл туралы подгорицалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт 2023 жылдың 1 маусымына дейін жасалды.

Өткен маусымды Янкович "Тұран" сапында өткізіп, ҚПЛ-дегі 22 матчқа қатысты, алайда, нәтижелі әрекетпен көзге түспеді. 

29 жастағы жартылай қорғаушы кезінде өз елінің жастар құрамасына шақыртылған. Сонымен қоса, ұлттық командасымен 2014-2020 жылдар аралығы тоғыз матчте ойнаған.

"Будучность" биылғы маусымда 19 ойында 32 ұпай жинап, он команда арасында үшінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport