Қазақстандық командада бүлік шығайын деп тұр: футболшылар бапкердің кетуін қалайды

Cурет: "Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсар" футболшылары команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаевтың жұмысына мүлде көңілдері толмайды. Бұл туралы "Гол емес" телеграм арнасы хабарлап отыр. 

"Футболшылар қазіргі бапкердің жаттығу процессіне наразы. Әбілдаевтің жаттығу кезінде айтқаны бір бөлек, ал ойын кезінде айтқаны мүлде бөлек екен. Кейбір легионерлер Әбілдаев келісімен карьерасы құрдымға кетіп бара жатқанын мәлімдеген", - деп жазады мәлімет көзі. 

Он тур қорытындысы бойынша "Қайсар" алты ұпаймен соңғы, турнир кестесінде 13-ші орында келеді.