Қазақстандық команда ЦСКА тәлімгерімен келісімшарт жасады

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" командасы ресейлік Сердер Сердеровпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

28 жастағы жартылай қорғаушы қазақстандық командаға хорватиялық "Истра 1961" командасынан жыл соңына дейін жалға ауысты. 

Сердеров мәскеулік ЦСКА командасының тәлімгері. Ол осы уақытқа дейін Хорватия мен Венгрия чемпионатын "Интер Запрешич" және Мезекевешд" командаларының намысын қорғаған. Сонымен қатар, Ресейдің жастар құрамасында өнер көрсеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport