"Атырау" футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбекстандық АГМК командасынан ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші таймда гол соғылмады, ал үзілістен кейін өзбектер қатарынан үш гол салды, есеп - 3:0. Гол салғандар Мартик Боаке (49-минут), Хуршид Гиясов (70) және Абдулла Абдуллаев (80).