29 жастағы орталық қорғаушы Фэйт Фрайдэй Обилор Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жүрген "Тараз" клубына қосылды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет Instagram желісінде хабарлады.
Нигериялық футболшы бұрын молдовалық "Шерифе" командасында өнер көрсетті, ал оған дейін Финляндия чемпионатында ХИК, РоПС пен "Интер" үшін ойнаған.
Еске салайық, "Тараздың" бас бапкері армениялық Вардан Минасян болды. Оның бапкерлер штабына Артур Мкртчян, Сергей Тагиев, Александр Кучма, Арслан Сатыбалдин, Самат Наурызбаев кірді.
ҚПЛ-2020 қорытындысы бойынша "Тараз" сегізінші болды.