Футбол
13 шілде 2021 11:45

Қазақстандық команда еуропалық ойыншымен екі айдан кейін-ақ келісімшартын үзді

Сурет: KazFootball.kz

"Қызыл-Жар" футбол клубы мен сербиялық шабуылшы Неманья Обрадович екіжақты келісіммен арадағы келісімшартты үзді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

32 жастағы форвард петропавлдық командаға мамыр айында келген, алайда, жақсы ойын көрсете алмады. Екі жарым айда ол Қазақстан чемпионатындағы сегіз матчте бірде-бір гол салмады. 

Клубтан кетудің басты себебі - бойшаң ойыншы Андрей Карпиннің ойын стиліне сәйкес келмеуі. Оның орнына "Астанадан" жалға алынған 22 жастағы босниялық форвард Семир Смайлагич бар. Ол өте бойшаң болмағандықтан ептірек және шабуылдары нәтижелі көрінеді. 

Петропавлдық команда 18 матчте 26 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы келеді.