Армениялық шабуылшы Гегам Кадимян "Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барды,- деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Форвард сол жерде бақылау матчіне қатысады.
Футболшы клубтық карьерасында украиналық "Арсенал", "Титан", "Говерла", "Олимпик", "Карпаты", "Заря", "Ворскла" мен армениялық "Пюник" пен "Алашкерт" сапында ойнаған.
Кейінгі маусымды шабуылшы Беларуссия чемпионатында "Неман" сапында өткізді. Бұл команда үшін 29 матчте Кадимян 12 гол салып, клубтың ең мықты бомбардирі атанды. Сонымен бірге ол алты нәтижелі пас берген.