Қазақстандық команда еуропалық клубпен бақылау матчін өткізеді

©"Каспий" ФК

Ақтаулық "Каспий" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында украиналық "Колоспен" матч өткізеді, деп хабарлайды Sport.ua.

Бұл кездесу 11 ақпанға жоспарланған. Кешегі ойында "Каспий" украиналық "Александрия" клубымен тең түскен - 1:1.

Еске салайық, "Каспий" ҚПЛ-2021 маусымын сегізінші болып аяқтады, ал маусым аралығында команда бас бапкерге қатысты бір шешімге келді.

Украина чемпионатында сегізінші орындағы "Колос" өткен жазда Конференция лигасында қарағандылық "Шахтерге" пенальтиден есе жіберген - 1:3 (екі ойында да есеп ашылмады). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport