Қазақстандық команда еуропалық қақпашыға қызығушылық білдіруде

©"Шахтер" ФК (Солигорск)

Футболдан Беларусь құрамасының қақпашысы Александр Гуторға қазақстандық клубтар қызығушылық білдіруде. Бұл туралы беларуссиялық инсайдер Владислав Татур хабарлады. 

"Гуторға Қазақстан біріншілігінде ойнайтын командалар қызығушылық білдіруде. Бірақ бұл елдің командаларында бұрынғыдай бюджет жоқ. Сондықтан Гутордың Қазақстанға баруы екіталай. Ол карьерасын "Оренбург" немесе "Львов" командаларында жалғастыруы әбден ықтимал. Себебі аталған командаларда қақпашының таныстары Марцель Лички мен Олег Дулуб жұмыс істейді", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, 32 жастағы қақпашының соңғы командасы солигорлік "Шахтер" болды. Сондай-ақ, Гутор отанында "Динамо-Брест", "Динамо-Минск", БАТЭ, ал ресейде "Тосно", "Оренбур" украинада "Черноморец" командаларында ойнаған. 

Transfermarkt қақпашыны 600 мың еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар